
Қызылорда станциясында пойыз адамды қағып кетті, — деп хабарлайды JQ-Aqparat Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 5 ақпанда бұл дерек Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2 бөлігімен, яғни абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша тіркелді.