jasqazaq.kz

Петропавлда 19 жастағы бойжеткен өртенген үйде қалып қойған ер адамды құтқарды

02 қантар 2023, 20:09

Петропавлда 1 қаңтар күні кешке тұрғын үй өртенді. Оның иесі өртте қаза тапты, үйдегі екінші адамға 19 жастағы қыз сыртқа шығуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жұмысшылар ауылында жекеменшік баспана өртенген.

Жалынды толығымен сөндіруге бір сағат уақыт кетті. Құтқарушылар оқиға орнынан 33 жастағы үй иесінің денесін тапты.

Өрт салдарынан тағы бір адам зардап шеккені белгілі болды.

Петропавлдық 32 жастағы ер адам қолы мен басынан жеңіл күйік алған, ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.

Оны өрттен сол көшеде тұратын 19 жастағы Мария Симонова аман алып қалды.

Үйден шыққан түтінді бірінші байқаған ол жанып жатқан үйге қарай жүгірген.

Есікті ашқанда, сыртқа шығу үшін есікке қарай еңбектеп жатқан адамды көрді. Бойжеткен оған көмектесіп, өрт сөндірушілерді шақырды.

Баспасөз қызметі департаментте қызды марапаттау мәселесін қарастырып, оның батыл әрекеті туралы ақпаратты колледж басшылығына міндетті түрде жеткізетініне уәде берді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық