jasqazaq.kz

Петропавл әкімдігі 1500 пәтерді оңды-солды үлестірген

21 ақпан 2023, 14:56

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрғын үй саласындағы бірқатар заңсыздықты әшкере етті. Атап айтқанда Петропавл қаласының әкімдігі 1500 пәтерді заңсыз үлестірген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысы Сергей Перовтың айтуынша, бұл пәтердің барлығы да әкімдіктің балансында тұрғанымен, құжаты болмаған. С.Перов мұндай келеңсіздік тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде басшылықтың жиі ауысуына байланысты туындауы мүмкін дегенді алға тартты. Әрі қаланың қазіргі басшылығы әкімдік резервінде осынша пәтердің бар екенін, бірақ олардың құжаты болмағанын білмеуі мүмкін екенін айтты. Антикор мамандары пәтерлерді аралап, заңсыз тұрып жатқандарды шығарып, үй кезегіндегі мұқтаж адамдарды қоныстандыру жұмысы жүретінін жеткізді. Комиссияның үй бөлудегі әрекетінен де заңсыздықтар анықталған. Жетім балалар санаты бойынша үй кезегінде тұрғандарды тізімнен көпе-көрнеу, еш себепсіз сызып тастаудың 1360 фактісі анықталған. Ол ол ма, кезекке мүлде тұрмаған адамдарға «кезегі келді» деп баспаналы етудің 70 фактісі ашылып отыр. Тексерістің нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары мемлекеттік қор есебінен берілетін тұрғын үйге мұқтаждардың тізімінен сызылып қалғандардың қайта кезекке тұрғанын мәлім етті.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка