
Швециядағы Түркия елшілігі алдында біреулер тағы да Қасиетті Құранды өртемекші болған.
Бұл жолы Стокгольм полициясы оған рұқсат бермеді. Құқық қорғау органы Швеция мемлекеттік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп осындай шешім қабылдапты. Полиция өкілінің айтуынша, мұндай әрекет қоғамдық тәртіпті бұзып, қаладағы қауіпсіздікке нұқсан келтіреді.
21 қаңтарда Расмус Палуданның Құранды өртеуіне жол берген Швеция полициясы бұл жолы мұсылман дүниесі ғана емес, күллі әлемнің айыптауына қалатынын білген болар.
Ал аты-шулы Charlie Hebdo журналына зілзаладан зардап шеккен адамдардың қайғысы да тежеу бола алмады. Басылым қирап жатқан үйлердің суретін салып, «Танктерді жіберудің де қажеті жоқ» деп келемеждеді. Көптен бері елеусіз қалған журнал ештеңеден тайынбайтынын тағы да көрсетті.
JQ-Aqparat