
Елімізде педофилдерге 2018 жылдан бастап химиялық кастрация жасалады. Бұл туралы Астадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Әсет Оспанов хабарлады.
Оның айтуынша, алдымен күдіктіге қатысты сот-психиатриялық сараптама жүргізіледі. Соның нәтижесіне сәйкес, қылмыскерге химиялық кастрация жазасын қолдану шешімі қабылданады. Еске сала кетейік, заңнамаға мұндай өзгерістер осы жылдың наурыз айында енгізілді.