jasqazaq.kz

Павлодарда тұңғыш рет «ятоган синдромына» ота жасалды

29 желтоқсан 2016, 15:06

Павлодарда биыл тұңғыш рет ятоган синдромына шалдыққан адамға ота жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында облыстық кардиологиялық орталық туа біткен жүрек ақаулары бөлімінің меңгерушісі Тимур Райымханов мәлім етті. — Мұндай жүрек ақауы өте сирек кездеседі, — дейді ол. — Оң жақ бөлігінен өкпе тамырларының бір бөлігі немесе толығымен диафрагма деңгейіндегі көктамырды жауып тастайды. Осы тамырды сол жағына ауыстырдық. 28 жастағы тұрғында бұл аурудың асқынған түрі болды. Оның жүрегінің оң жақ бөлігі кеңейіп, жүректің соғу ырғағы бұзыған. Ота сәтті жүзеге асырылды. Қазіргі таңда науқастың денсаулығы жақсы. Мұндай операция өте сирек жасалады. Бұл өте күрделі ота. Себебі жүрек пен қан айналымы уақытша тоқтап тұрады. Жүректің шамадан тыс ұлғаюы нәтижесінде адам кенеттен ажал құшуы мүмкін. Алайда бұл ақау жойылғаннан кейін адам қалыпты өмір сүре алады. Ақ желеңдінің айтуынша, жинақтаушы тамыр рентгенологиялық зерттеу барысында иіліп тұрған көлеңке тәрізді түрік қылышын (ятаган) еске түсіреді. Сондықтан да бұл синдромға «ятаган» деген атау берілген. 1993 жылға дейін әлемдік әдебиетте мұндай 150-ге жуық қана оқиға тіркелсе, Қазақстан бойынша 10 шақты адам ғана ятоган синдромына шалдыққан.

caravan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық