jasqazaq.kz

Павлодарда көшеден ер адамның денесі табылды

25 қантар 2023, 14:58

Павлодарда таңғы уақытта көшеден табылған ер адамның неден көз жұмғаны анықталып жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қаңтарда сағат 07:10-да қала полициясына Павлов — Бекмаханов көшелерінің қиылысында зорлық-зомбылық белгісі жоқ ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Аталған мекенжай бойынша жедел тергеу тобы шықты. Ер адамның жеке басы анықталды. Қайтыс болу фактісі бойынша сараптама тағайындалды», – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Қазіргі кезде оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетсек, облыстық жедел жәрдем станциясында 25 қаңтарда Естай көшесі, 95 мекенжайы бойынша 59 жастағы ер адамның денесі табылғаны туралы хабарланған болатын.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді