jasqazaq.kz

Павлодар полициясы көшеде мылтық алып жүрген жасөспірімді ұстады

29 желтоқсан 2022, 18:04

Павлодар полициясы көшеде мылтық алып жүрген жасөспірімді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. 

29 желтоқсанда патрульдеу кезінде сағат 02.52-де Павлодар қаласында Торайғыров көшесі бойынша патрульдік полиция батальонының инспекторлары 17 жасар жігітті ұстады. Одан МЦ-21-12 тегіс ұңғылы, бір ұңғылы, бес оқпанды мылтық тәркіленді. Бұл ретте мылтық қапталмаған түрде болды. Кәмелетке толмағанның жанында медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған орташа ауырлықтағы мас болған әкесі болды.

Анықталғандай, тәркіленген қарудың иесі – жасөспірімнің әкесі. Оның атына ИЖ-58 тағы бір мылтық тіркелген.

– Осы факт бойынша 46 жастағы қару иесіне қатысты қаруды алып жүру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Қолда бар екі қару иесінен тәркіленді. Сондай-ақ иесінің азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылды. Сонымен қатар қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны үшін ер адам жауапкершілікке тартылып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция жыл басынан бері құқықтық 10781 азаматтық қару иесін тексерді. Нәтижелері бойынша 693 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түрлі заң бұзушылықтарға жол берген 13 қару иесінің рұқсаты жойылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде