jasqazaq.kz

Павлодар облысында жолда тұрып қалған адамдар саны 500-ден асты

13 қантар 2023, 10:52

Екібастұз қаласына қарасты Шідерті кенті маңында жолдың жабық болуына байланысты 270 техника жиналып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде 115-і жүк, 155-і жеңіл автокөлік, адамдардың жалпы саны — 511, оның ішінде 12-сі бала.

«Бес жылыту пункті дайын – «Сарухан», «Ақжол» қонақ үйлері, Шідерті кентінің мешіті, ЖОББМ, дене шынықтыру-сауықтыру кешені. «Сарухан» қонақ үйінде 16 адам (5 жеңіл автокөлік), «Ақжол» қонақ үйінде 6 адам және Шідерті кентіндегі мешітте 21 адам, оның ішінде 3 бала (5 жеңіл автокөлік) орналасқан», — деді департаменттен.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері 12 техникамен автожолды тазалауда. ТЖД 2 қызметкер және бір техника, ЖПҚ 4 қызметкер және 2 техника, ЖАО 2 адам және бір техника тартылды.

Айта кетейік, 12 қаңтарда ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты барлық бағыттар бойынша көліктің түгел түрі үшін жолдар жабылған. Шідерті кентінде көлік кептелісі орын алды.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка