jasqazaq.kz

Патернализмнен қалай арыламыз?

10 ақпан 2023, 16:58


Қоғамда әр нәрсені сылтауратып жұмыс істегісі келмейтіндер бар. Кейбірі патерналистік, яғни «мемлекет бәрін жасап беруі тиіс» дейтін пиғылдан арыла алмай жүр. Мемлекет тарапынан халықтың жұмыс істеп, әл-ауқатын арттыруға түрлі бағдарламалар бар. Қоғамның бір бөлшегі болу үшін, сөз жоқ, еңбектену қажет.

Халқымыз «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп бекер айтпаған. Еңбек пен масылдықты кім қалай түсінеді? Патернализмнен қалай арыламыз? Jasqazaq.kz осы сауалдарды еңбегімен мемлекетке де, отбасына да пайдасын тигізіп отырған жандарға қойып көрді.

Рамазан Есмағамбетов, Qazaqpress.kz ақпарат агенттігінің кіші редакторы:

Қандай жұмыс болса да, адам қашпауы керек

«Қазіргі заман қандай жағдай болмасын, еңбек етуді талап етеді. Мен Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірдім. Арамызда оқу тек грант түріндеғ яғни тегін болғаны үшін оқып жүргендер болды. Достарымнан сұрайтынмын: «Бұл мамандықты жаныңмен қаламасаң, неге оқып жүрсің?», — деп. Сонда олар грант болғаны үшін ғана оқып жүрміз деп айтатын. Менің өз ойым қоғамдағы патерналистік көзқарастағы адамдар осындай пиғылдан пайда болады. Өзі ұнатпаған мамандықты бітірген адам сол мамандықты әрі қарай алып кете алмайды. Менің айтайын дегенім, әрбір адам өмірде қандай мамандықты қалайтынын біліп алып, әрі қарай сол мамандығымен жұмыс істеуі керек.

Ал патернализмнен қалай арыламыз деген сауалға жауап іздесек, адам өзі қаламаған жұмысты істегісі келмейді. Бірақ бізде белгілі бір мамандықты бітіріп, қолына дипломын алған соң оған сәйкес жұмыс таба аламай жатқан адамдар да бар ғой. Бұл жерде басты мәселе — еңбек. Қандай жұмыс болса да, адам қашпауы керек. Қазір жұмыс істегісі келетін адамдарға барлық мүмкіндік жасалған. Өзім қазір бірнеше жерден жұмыс тауып, фрилансер болып жұмыс істеп жүрмін. Маған қойылған диагноз — қалыптаспаған остеогенез (несовершенный остеогенез). Бірақ бұл менің армандарымды іске асыруға кедергі емес. Ең бастысы, жұмыс істей аламын. Қоғамдағы түйткілді мәселелерді зерттеп, зерделеп жазғым келеді. Менің мақаламнан адамдар титтей де болса мәлімет алып, көкірегіне ой түйсе екен деймін. Қазір мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар бар. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, тіпті зейнеткерлерге де еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан жұмысқа орналасуға әр түрлі бағдарламалар бар. Адам іздегенін табады демекші «екі қолға бір күрек» әрдайым табылады.

Шырайлы Маралбекова, «Прогресс» политехникалық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

«Маған жұмыс жоқ» деп отыратындарды түсінбеймін

«Мен Алматы облысы Іле ауданындағы «Прогресс» кәсіптік колледжінде жұмыс істеймін. Біздің кәсіптік колледжде мүмкіндігі шектеулі жандарды шаштараз, кондитер, компьютерлік сауаттылық, тігінші сынды мамандықтарға баулитын арнайы жоба бар. Осы жобаға қатысатын ерекше жандармен тікелей жұмыс істеймін. Байқайтыным, бізге келген жандардың көбісі өмірге құштар. Бір нәрсені үйренуге талпынып тұрады. Тіпті жеке кәсібін ашып ауданның дамуына үлес қосып жатқандары қаншама. Өзім де жаңа нәрсені үйренуге, білуге құштар жандардың қатарынанмын. Әр адам мамандығын дұрыс таңдауы керек. Тіпті мамандығы бойынша жұмыс таба алмағанның өзінде қол қусырып «маған жұмыс жоқ» деп отыратындарды түсінбеймін. Қазіргі дамыған заманда жұмыс істегісі келетіндерге барлық мүмкіндік жасалған. Жақында флористика мен мобиллографияның курсынан өттім. Бізбен бірге 13-14 жастағы жас қыздар да білім алды. Тіпті біз ауданда 10 жасынан бастап анасына көмектесіп, қолөнер бұйымдарын жасап сататын баланы білемін. Білім алу, үйрену ешқашан көптік етпейді. Сондықтан мен ізденемін деген адамға еш кедергі жоқ екенін айтқым келеді».

 

Фариза Мақсұтқызы, «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығының қызметкері:

Мен оларды бір сөзбен «жалқау» дер едім

«Менің өз ойым — патерналистік көзқарастан, масылдық санадан әлі күнге арыла алмай жүргендерді бір сөзбен жалқау дер едім. Бұл — адамның бойындағы ең жаман қасиет. Жалқау адам ғана мың түрлі сылтау айтып жұмыс істеуден қаша береді. Ең алдымен адамда жауапкершілік болу керек деп есептеймін. Одан бөлек, адамның бойында еңбекке деген құлшыныс болу керек. Қазір мен тағдырдың түрлі тәлкегіне түскен, ауыр дертке шалдыққан балалармен жұмыс істеймін. Бұл жұмысқа орналасқанға дейін де түрлі салада қызмет еттім. Меніңше, адам өзінің мүмкіндігін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қолыңнан келетін істі әрі қарай дөңгелетіп, белгілі бір жетістіктерге жетуге болады. Айналамызда түрлі адамдарды кездестіреміз. Дені сау бола тұра жұмыс істеуден қашатындары бар. Әке-шешесінің тапқан табысымен күн көріп, жұмыссыз отырған азаматтарды да көріп жүрміз. Тағы да айтамын, бұл деген нағыз жалқаулық! Бірақ қазіргі заманда жұмыс істемесең, аш қаласың. Әсіресе, қалада тұратындарға қиын. Отбасында күйеуі де, әйелі де тырбанып жұмыс істеп, екі жақтан отбасын асырамаса, жалғыз жұмыс істейтін адамға қиын. Қазір «бәрін мемлекет асырауы керек» дейтін көп балалы аналар да бар. Кейбір отбасы мемлекет беретін әлеуметтік көмекпен отырады. Бұл да дұрыс емес. Өз басым «жұмыс жоқ» дегенге сенбеймін.

Дайындаған Мақпал Ноғайбаева

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата