jasqazaq.kz

Пәтерінде есірткі өсірген (Видео)

08 желтоқсан 2025, 14:01

Алматыда тыйым салынған өсімдіктер өсірілген пәтер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көпқабатты тұрғын үй кешенін аралау барысында полиция қызметкерлері зертханаға айналдырылған пәтерді анықтады. Пәтер ішінде өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер табылды. Оқиға орнында қажетті бастапқы процессуалдық шаралар жүргізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп, заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар мен мән-жайлар анықталуда.

– «Учаске» іс-шарасының мақсаты тек халықпен байланысты нығайту емес, тұрғын үйлердің өзінде жасырын түрде орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтау. Бұл жағдай жүйелі жұмыстың нақты нәтижесін көрсетеді. Есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет – қоғам үшін қауіп, сондықтан заң аясында ең қатаң шаралар қабылдауды жалғастырамыз. Аудан тұрғындарын күмәнді жайттарды дер кезінде хабарлап, үйлеріміз бен ауламыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етуге шақырамыз, – деп атап өтті Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді