
Армения ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын биылғы жылы өз аумағында өткізуді қолайсыз деп санайды. Бұл туралы аталған елдің премьер-министрі Никол Пашинян мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Армения-Жаңалықтары агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі жағдайда ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуді (Армения Республикасының аумағында) қолайсыз деп санайтынымыз және жаттығулар биыл өтпейтіні туралы Арменияның Қорғаныс министрі (Сурен Папикян) ҰҚШҰ Біріккен штабына хабарды жеткізді», — деді премьер-министр сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі осы елдің Құрлықтағы әскери қызметшілері Армения аумағындағы ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингенттерінің «Мызғымас бауырластық — 2023» оқу-жаттығуларына қатысатынын хабарлаған болатын.