jasqazaq.kz

Партадағы аналар көбейді

01 наурыз 2017, 12:53

Ақтөбе облысында қазіргі таңда 156 жасөспірім қыз гинекологтың есебінде тұр. Олардың көбісі колледжде оқиды. Арасында мектепте білім алатындары да бар.

stan.kz хабарлағандай, облыста ерте жүкті болғандардың көпшілігі ауылдан қалаға келген қыздар екен. Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар гинекологы Салтанат Тобылбаеваның айтуынша, 16 мектеп оқушысы, 68 колледж, 7 ЖОО студенті кәмелеттік жасқа толмай жүкті болып қалған. Өзгелері оқымайды және жұмыс істемейді.

“Мектеп оқушыларының көбісі қалалық оқу ордаларында 10-11 сыныпта оқитындар. Қыздар өз жағдайлары туралы ата-аналарына айтуға қорқады, арасында жүкті екенін кеш білетіндері де бар. Олардың 70 пайызы үйленіп, бірқатар ата-аналар баланы өз аттарына жазып, өздері тәрбиелейді”, – дейді Салтанат Тобылбаева.

Жүкті болып қалғандардың арасында Алға ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі де бар. Ол босанып, баланы қалдырып кеткен. Патронаттық отбасыда тәрбиеленген тағы үш жетім қыз бар екен. Ал колледжде оқып жүріп аяғын шалыс басқандардың көбісі ауылдан қалаға келгендер. Олар жыныстық өмірді 15-16 жастарында-ақ бастап кеткен.

Гинекологтың айтуынша, көптеген қыздар жүкті екенін соңғы сәтке дейін аңдамай қалатын көрінеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы статистикасы бойынша, жүкті атанған қыздардың көпшілігі Темір мен Мұғалжар аудандарынан.

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды