jasqazaq.kz

Параның көкесі қызыл балық па?

09 қантар 2017, 17:02

Атырау қалалық №2 соты Атырау қаласының тұрғынына Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Рзағұловаға қызыл балық түріндегі пара бергені үшін айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сот материалдарына сәйкес, өткен жылдың күзінде «ТанТехстрой» ЖШС директорын салық декларациясын уақытылы табыс етпегені үшін әкімшілік жазаға тартылған болатын. Одан бөлек, ЖШС-нің атына тіркелген банк есепшоттарына операциялар жүргізуге шектеулер қойылған. Осыған байланысты ЖШС директорының күйеуі Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары А. Рзағұловамен сөйлеспек болып, кабинетіне кіреді. Рзағұлова оған қызыл балық әкеліп берген кезде ғана мәселені реттеуге көмектесетінін айтады. Айта кету керек, өткен жылдың күзінде параны ақшалай да, қызыл балық және құрылыс материалдары түрінде де алып отырған Рзағұловаға қатысты сот өтіп, қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілеумен және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығын айырумен қатар, 5,6 миллион теңге көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалған болатын. Сонымен, ер адам мұнымен келісіп, оған 19,5 келі бекіре тұқымдас балықты әкеліп береді. Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Лаура Асанованың айтуынша, пара беруші ер адам К. Ж. ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-тармағы («Пара беру») бойынша кінәлі деп танылып, оған 606 762 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалды.

ҚазАқпарат

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты