jasqazaq.kz

Пара алғандар енді 20 есе айыппұл төлейді

10 қантар 2023, 15:49

Әділет министрлігі Ашық НҚА порталында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады.

Жобада коммерциялық пара берушілерге жазаны қатаңдату жоспарланған. Атап айтқанда, пара алушыларға алған пара сомасының 10 еседен 20 есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салынады. Ал қолданыстағы заңда айыппұл мөлшері — 5 мың АЕК.

Егер пара мүлік түрінде берілсе, ол сол мүліктің құны мөлшерінде айыппұл төлейді. Болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Әділет министрлігі хабарлағандай, айыппұлдардың жаңа мөлшері «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен және бас прокуратураның тапсырмасы аясында енгізілді.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді