jasqazaq.kz

Пәтер сатып алу үшін қазақстандықтар 14 жыл ақша жинауы қажет

18 мамыр 2017, 11:59

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында еліміздегі жаңа пәтерлердің бағасы шаршы метріне орта есеппен алғанда 1,1 пайызға — 250,1 мың теңгеге дейін өскен.

Мұндай көрсеткіш 7 қалада байқалады, ал тағы үш өңірде пәтер бағасы шаршы метріне керісінше, төмендеген, — деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. Сарашылардың айтуынша, Петропавлда пәтер бағасы шаршы метріне қатты қымбаттаған. Онда жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 16,6 пайызға — 185,0 мың теңгеге қымбаттап кеткен. Петропавлдан кейін Алматы қаласы тұр. Мұнда 2017 жылдың сәуір айында жаңа пәтердің шаршы метрінің бағасы 341,5 мың теңге болған. Ал 3-орында Семей қаласы тұр. Семейліктер қазіргі уақытта жаңа пәтердің шаршы метріне 154, 5 мың төлеуі керек. Жаңа пәтерлердің бағасының өсуі, әрине, қазақстандықтардың өз жылжымайтын мүлігін сатып алуға қаражат жинауға деген мүмкіндіктеріне шектеу қояды. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген қазақстандыққа бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін (32 шаршы метр) 14 жылдан аса уақыт керек. Яғни, ол адам 14 жыл бойы жалақысының 30 пайызын пәтер алуға жинайды. Сондай-ақ, мамандар елімізде ипотекалық несие беру нарығында 17 екінші деңгейлі банк (АТФ, RBK, Сбербанк және Цеснабанк) жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. Жалпы, ипотекалық қарыздың максималдық мерзімі 240 ай екен.

tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық