jasqazaq.kz

Өзбекстанда 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады

25 қантар 2023, 15:59

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығына сәйкес 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес, министрліктер мен ведомстволардан бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландырылатын 17 447 қызметкер (24 пайыз) қысқарады.

Басшы орынбасарларының саны 207-ден 144-ке дейін немесе 30 пайызға қысқарады. Сондай-ақ, алдын ала бағалау бойынша, 703 қызметтік көлік пен 10 ғимарат босайды. Осы шаралар нәтижесінде Өзбекстан билігі мынадай қаржы үнемдейді:

Штаттарды қысқарту арқылы 1,5 триллион сум (133 миллион доллар) ;
Көліктердің санын азайту арқылы 70 миллиард сум (6,2 миллион доллар) (жанармай, май, шиналарды ауыстыру және т.б. шығындарды қосқанда).
Министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің жалпы шектеулі саны 56 573 адам болады.

Жарлыққа сәйкес министрліктер мен ведомстволардың бюджеттен тыс қаражаты есебінен қосымша штат енгізуге қатаң тыйым салынады.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді