jasqazaq.kz

Өз көлігін өртеуге тапсырыс берген белсенді құрықталды

09 ақпан 2023, 11:46

Таразда кино орталығының директоры Нұрлан Қанатов қамауға алынды. Белсенді өз көлігін өртеуге тапсырыс берген дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті. Қазір тәртіп сақшылары оның неліктен мұндай қадамға барғанын тексеріп жатыр.
«Үйімнің жанында жарылыс болып, көлігім өртенді. Қатты жарылысты естіген көршілерім атып шығып, өртті сөндіре бастаған. Мен үйімде болған жоқ едім»,-деген еді белсенді қайғылы жағдай болған кезде.
Бұл оқиға үш жарым ай бұрын болған. Нұрлан Қанатов сол кезде өзіне және отбасына қастандық жасалғанын айтып дабыл қаққан. Әлеуметтік желіде түрлі мәселе көтеретін белсенді бұл жағдайды өзінің қоғамдық жұмысымен байланыстырып және оның артында лауызымды шенділердің тұрғанын айтқан. Полицейлер техникаға қасақана от қойған адамның ұсталғанын жеткізді. Сөйтсе оған 41 жастағы белсендінің өзі тапсырыс беріпті. Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды. Оқиғаға қатысты Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов: «Қанатовқа қатысты ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнем ниетпен көрінеу жалған сөз сөйлеу. Оның кінәсіне қатысты нақты дәлелдер бар»,- деді.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде