jasqazaq.kz

Өткен жылы Астанада қос азаматтығы бар 43 адам жазаланды

10 қантар 2023, 14:29

Былтыр өзге елдердің азаматтығын қабылдаса да, Қазақстан азаматтығынан шықпаған 43 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елордадағы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қос азаматтыққа қарсы тиісті шаралар қабылданды. Өзге елдердің азаматтығын қабылдаса да, Қазақстан азаматтығынан шықпаған 753 адам анықталды. Оның 43-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді А. Жомартова 2022 жылы көші-қон саласында атқарылған жұмысқа қатысты өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол былтыр Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға өтініш тапсырған 1 мың 956 шетел азаматы тіркелгенін айтты.

«Қазіргі кезде елордада тұрақты тұратын шетел азаматтарының саны 14 мыңға жақында. Оның 6 мыңы этникалық қазақ. Сонымен қатар, қалада 361 азаматтығы жоқ адам тұрып жатыр», — деді Анар Жомартова.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді