jasqazaq.kz

«Өтірік бомба» қойғандар 7 жылға сотталады

25 қантар 2023, 14:42

Еліміздің Бас прокуратурасы құқық қорғау органдарымен (ҰҚК, ҰҚК АТО, ҚМА және ІІМ) бірлесіп, көрінеу жалған терроризмге қарсы іс-қимыл жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Әсіресе, өткен жалған терроризм деректері көп тіркелді. Дерек келіп түскеннен кейін, оны тексеруге көп уақыт кетеді. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, кинологтар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары, жедел тергеу топтары барады. Қалыпты жұмыс режимі бұзылады. Кәсіпорындар миллиондаған шығынға ұшырайды. Жалған хабарламадан кейін адамдарды эвакуациялау кезінде дүрбелең басталып, кейде тіпті адам өліміне әкеп соқтырады.
Құқық қорғау және арнайы органдар осындай анонимді хабарламалардың авторларын анықтау бойынша шаралар қабылдайды. 2022 жылы 25 адам сотталды. Мысалы, 2022 жылғы шілдеде Қостанай облысының тұрғыны өз көршісінен кек алу мақсатында электрондық поштасын бұзып, оның атынан Астана және Алматы қалаларының 13 нысанындағы (сауда орталықтары, әуежайлар, банктер және т.б.) терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жібергені үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Алматы облысында қатарластарымен бәстесіп, электронды пошта арқылы 3 мектепті миналау туралы хабарлама жіберген 13 жасар бала анықталды. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған үшін оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылды.
Тәжірибе көрсеткендей, қылмыскерлер тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де әрекет етеді. Жедел өзара іс-қимыл мақсатында шет мемлекеттермен интернет-кеңістіктегі анонимді хабарламалардың авторларына қатысты деректер алмасу бойынша Қазақстан Бас прокуратураның үйлестірумен Будапешт конвенциясына («Компьютерлік қылмыстар туралы») қосылмақ.

Сондай-ақ Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп көрінеу жалған терроризм бойынша қылмыстық жауаптылықты күшейту және құқық бұзушылықтың осы түрін «ауыр» санатқа жатқызу (7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі) туралы мәселе пысықталып жатыр.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата