jasqazaq.kz

Отан күзетінде отыз жыл

19 қантар 2023, 20:20

ҚР Қарулы күштері тәрбие құрылымдарының офицерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде. Мемлекет басшысының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен Қорғаныс министрлігінің, Республикалық ұланның, Шекара және Ішкі әскерлердің басқару органдары мен әскери бөлімдерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарларының лауазымы енгізілген болатын.


Бүгін Астанадағы ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде тәрбиешілер құрылымдары институтына 30 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды. Аталған экспозициянының салтанатты ашылуына ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің басқарма бастығы полковник С.Сеиітбаев, ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің басшысы Л.Әлжан, Қарулы күштер ардагерлері, әскери қызметшілермен қатар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасының студенттері, яғни болашақ тәрбиеші-офицерлер де қатысты.


Көрмеде еліміздегі әскери-патриоттық тәрбие беру ісінің бастауында тұрып, оның қалыптасуына орасан зор үлес қосқан 20-дас астам тәрбиеші-офицерлердің өмірі мен әскери қызметінен сыр шертетін құжаттар, фотосуреттер мен олардың жеке заттары қойылған.
Тәрбиеші-офицерлер тоқсаныншы жылдары тәжік-ауған шекарасында, кейін Ирак жерінде бітімгершілік миссиясын атқару барысында да сарбаздарға үлгі бола біліп, көбі мемлекеттік наградалармен марапатталды.


Отыз жыл жыл ішінде тәрбие және идеологиялық жұмыс органдары психологиялық, әлеуметтік және әскери-әлеуметтік салаларды, әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыруды қамтитын көпфункциялы құрылымға айналды.
Бүгінде тәрбие құрылымдары әскердің барлық салаларында елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін тиімді жұмыс жүргізетін Қарулы күштердің маңызды институты десек болады.

Ә.Смайылов

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики