jasqazaq.kz

Қостанайлық бұрынғы полицей өзін түрмеге қамауды сұрап отыр

24 тамыз 2016, 4:15

d78affd2760b94f0816da31379c2ce0d_XL

Қостанайда 60 мың теңге көлемінде пара алып ұсталған экс-полицейдің соты өтіп жатыр, –  деп хабарлайды «Наш Костанай» порталы.

Сотталып жатқан 25 жастағы Ералы Молдыбаев бұған дейін жол-патрульдік полициясында жұмыс істеген, шені – сержант. Ол қызмет бабында жүріп, пара алып жатқан жерінен ұсталыпты. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалған.

Молдыбаевтың өзі де пара алғанын жасырмайды, жасаған қылмысы үшін өкінетінін де айтып отыр. Алайда прокурорлар сұрап отырған 3,6 миллион теңге айыппұлды төлеуге жағдайым жоқ, –   дейді ол. Айта кетейік, айыптаушы тарап соңғы сот отырысында судьядан осындай жаза сұраған болатын, яғни алған параның 60 еселік көлемін айыппұл ретінде төлету керек. Сондай-ақ сержант шенінен айырып, астындағы жеке көлігін мемлекет пайдасына тартып алуды да прокурорлар судьядан сұрап отыр.

Экс-полицейдің қорғаушысы болса прокурорлардың сұрап отырған бұл жазасымен келіспейді. Оның айтуынша, Ералы Молдыбаевтың мұндай ірі ақшасы жоқ, яғни ол айыппұлды төлей алатын жағдайда емес. Сондықтан, ол 3-7 аралығында түрмеге отырып шығуға дайын. Бірақ, оның артында әйелі мен бір жасар баласы бар.

sn.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық