jasqazaq.kz

Қостанайда есірткі сатқан 11 адам ұсталды

20 желтоқсан 2016, 14:42

Қостанай облысы ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 3 келіден астам героин тәркіледі, деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Қостанай облысында есірткі сатумен айналысқан 11 күдікті ұсталды, деп нақтылады ресми хабарламада, — олар бұдан бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған». Қостанайда 9 желтоқсанда әлгілерді ұстау операциясы жүргізілді. 59 жастағы әйелге тиесілі жекеменшік үйден полиция қызметкерлері тінту барысында есірткі салынған пакет тапты. Сот-химиялық сараптамаға сәйкес тәркіленген зат салмағы 3 келі 227 грамм георин болып табылады. «Сондай-ақ күдіктінің үйінде есірткі өлшейтін құралдар, тіркелмеген аңшылық қару, сыбайластарымен байланысқа шыққан 64 телефон тәркіленді, — делінген хабарламада. Жедел тергеу шаралары барысында ІІД ЕКБ қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан сыбайластарына шықты. Олар облыс аумағына сату үшін олардан тұрақты түрде героин алып отырған. Қазір олар тұтқындалды, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша соталды тергеу жүргізілуде. Жыл басынан бастап облыс аумағында 340 келіден астам есірткі заттары тәркіленген, олардың 7 келіден астамы героин.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты