jasqazaq.kz

Қостанай облысында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты

28 шiлде 2016, 0:24

photo_27950

Қостанай облысындағы Қарабалық ауданында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты. Олардың бірі 12 жастағы бала. Рейс автобусы мен көптонналық жүк көлігі Алматы — Екатеринбург тас жолында соғысып қалған. Тағы 25 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы «Қостанай жаңалықтары» интернет-басылымы хабарлады.

Оқиға 27 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 18.00-де ресейлік шекара маңында болған. «Iveco Magirus автомобилі Қостанайдан Ресеймен шекараға келе жатып, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен, сөйтіп ол Kia Granbird рейс автобусымен соғысқан», — делінген хабарламада.

Оқиға орнында құтқарушылар мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты жүк көлігінің алдыңғы сол жақтағы дөңгелегінің жарылуынан болған делінеді. Нақты себебі сараптамадан белгілі болады. «Алау» порталының мәліметінше, автобус Челябіден Қостанайға келе жатқан. Қаза болғандардың азаматтығы жайлы мәлімет әзірше жоқ.

Ал куәгерлер оқиға орнында түсірілген суреттерін жариялап жатыр.

7ac40015e9cbf627cf7162d06f482416afc761ed5a412a169e66490216f9b6a2

kaz.tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық