jasqazaq.kz

Орман ғарыштан бақыланады

16 қыркүйек 2016, 17:41

Алматыда тау шатқалдарындағы орман ағаштарын кесіп, жерді өз еркімен басып алушыларды енді ғарыштан бақылау мүмкіндігі туды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне «Алматыны дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Әбдіуәлиев.

«Алматыдағы таулы аймақ пен сел қаупін ғарыштан түсіретін компаниялармен бірге енді біз орман ағаштарын қорғау, жерді басып алудың алдын алу бойынша келісімге келіп отырмыз», — деді Әсет Әбдіуалиев.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Алматы бойынша ендірілетін 100 жоба іріктеліп алынғанын айтты.  Оның ішінде ең ірі жобалардың бірі — Uber және Yandex таксилері екенін атап айтты.

«Біз қазір барлық өтініштері жинап жатырмыз. Көп жобаны қаржыландыруға қаражат керек деген түсінік бар. Шындап келгенде, IT және startup жобаларды жүзеге асыруға қаржы емес, әкімшілік қолдау қажет», — деді ол.

ҚазАқпарат

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты