jasqazaq.kz

Оралда бас арxеологтың соты өтіп жатыр

31 қантар 2017, 23:14

Мұрат Сыдықов 2 жарым миллион теңгені жымқырды деген күдікпен былтыр қазан айында үйқамаққа алынған болатын. Бірақ қылмыстық істің мән-жайы ұзақ уақыт құпия ұсталды.

Ktk.kz хабарлағандай, соны прокуратура енді жария етіп отыр. Айтуларынша, Теректі ауданындағы Пойма ауылына қазба жұмыстарын жүргізу мақсатында кезінде 15 миллион теңге бөлініпті. Бірақ Сыдықов жұмысшылардың жалақысын және жалдамалы техникаларға жұмсадым деген желеумен 2 жарым миллион теңгесін қалтаға басқан көрінеді. Археология және тарих орталығының жетекшісі – негізі өңірге танымал ғалым. Ол ағаштан тұрғызылған ескі Жайық қаласының аумағына газ құбырын жүргізбек болғанда, тарихи ескерткішті сақтап қалуға атсалысыпты. Тіпті, Орал қаласының аумағында 1613 жылдан бұрын да отырықшы халық болғанын кезінде дәлелдеп берген. Енді 2 жарым миллионда қайда жұмсағанын сотта дәлелдеуге мәжбүр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық