jasqazaq.kz

Қорғаныс министрлігінде тексеру

25 тамыз 2016, 0:40

Фото: almaty.tv

Қорғаныс министрлігінің офицері ірі көлемде пара алып ұсталған соң, ведомство басшылығы жаппай ішкі тексеріс жүргізуге кірісіпті.

Әсіресе материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасындағы қызметкерлерден жіті жауап алынып жатыр екен. Өйткені дәл осы басқарма бастығының орынбасары Төлеміс Жанқазиев 20 миллион теңге пара алып жатқан жерінде қолға түскен еді.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

— Мәліметті мен толық, жан-жақты айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр, тергеудің өзінің құпиялары бар.Көріп жатырсыздар, қасықпен жинаған абыройды, беделді осындай адамдар, қылмыс жасағандар бір күнде төгіп жатыр. Әсері үлкен бізге.

Подполковник Жанқазиев әскери бөлімдерге қару-жарақ және түрлі құрылғылар сатып алу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу ісін басқарған. Яғни ол Қорғаныс министрлігіне бюджеттен бөлінген қыруар қаржыға тікелей жауапты болыпты. Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілердің мәліметінше, подполковник мемлекеттік тендерді майшелпекке айналдырып алған. Конкурстық комиссияның төрағасы ретінде кәсіпкерлермен ауыз жаласып, қазына қаржысын ұрлапты. Тіпті арам ойын жүзеге асыру үшін Қорғаныс және Қаржы министрліктерінің өзге де қызметкерлерін тартқан көрінеді. Сондықтан Жанқазиевпен бірге Қорғаныс министрлігінің 5 лауазымды қызметкері мен 4 бизнесменнің қолына да кісен салынды.

КТК

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық