jasqazaq.kz

Онлайн жұмыс істейтіндер үшін жаңа бап енгізілді

18 қантар 2023, 13:05

Еліміздің Еңбек кодексіне онлайн жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек қатынасын реттейтін жаңа бап енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістің қарауына енгізілген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған.

Құжатта: «Қолданыстағы заңнама шеңберінде еңбек қызметін мобильдік қосымшалар арқылы жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбек режимдеріне, ұзақтығына және еңбекақы төлеуге, оның ішінде еңбек функцияларын орындау үшін жабдықтармен және құралдармен қамтамасыз етуге қатысты еңбегін реттеу қиындатылған. Осыған байланысты, жұмыспен қамтудың осы түрінің ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек қызметін интернет-платформалар негізінде жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметін реттеу жөнінде жеке бап енгізу қажет», — деп жазылған.
Сәйкесінше, интернет-платформа немесе мобильдік қосымшаны пайдаланып қызмет ететін жұмыскерлердің еңбек қатынастары ҚР Еңбек кодексінің жаңа 146-1 бабымен реттеледі.
Жаңа бапта былай деп жазылған: «Интернет-платформаларды немесе платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасын қолдана отырып, қызметін жүзеге асыратын жұмыскер мен заңды тұлға арасындағы еңбек шарты осы Кодекстің 30-бабы 1-тармағының 2 тармақшасында көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасалады. Сонымен қатар аталған бапқа сәйкес, интернет-платформаларды пайдалана отырып, жұмыс істейтін қызметкерлер үшін күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгіленуі мүмкін».

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата