jasqazaq.kz

Онлайн-казинодан абақтыға!

02 ақпан 2017, 16:08

Сот елордада жасырын онлайн-казино ұйымдастырушыларға жазаны қатаңдатты. Енді олар айыппұл төлеп құтыла алмайды. Бұл жайында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған мүшелері түрлі мерзімге түрмеге қамалған. «2017 жылдың қаңтарында енгізілген наразылықты қарау нәтижесінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен 5 адамнан тұратын қылмыстық топтың барлық мүшесі айыптау баптарына сай мүліктері тәркіленіп, 5-тен 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі А.Лабунец 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпты тұлғалар сот залында тұтқындалды», — деді Жұманбай. Елорда аумағында жасырын ойын залдары желісін құрған қылмыстық топтың әрекетіне 2015 жылы тосқауыл қойылған еді. Л.Лабунецтің жетекшілігімен қылмыстық топ интернет қызметін ұсыну желеуімен онлайн-казино ұйымдастырып, заңсыз пайда тапқан. Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеулер қызметі жүргізген шаралардың нәтижесінде 10 заңсыз ойын нүктесі жойылды. «Ойын залдарын тінту барысында 148 процессор мен моноблок, сонымен қатар 35 мың АҚШ доллары және 500 мың теңге көлемінде ақша тәркіленген еді», — деді комитеттің ресми өкілі. Айта кетейік, 216 жылдың ақпанында Сарыарқа аудандық №2 сот қылмыстық топтың мүшелеріне заңсыз жолмен тапқан мүліктерін тәркілеу арқылы 3 мыңнан 5 мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл төлеуге үкім шығарған болатын. Бірақ, қала прокуратурасы соттың мұндай үкіміне наразылық танытқан еді. Нәтижесінде биыл сот қылмыскерлерге бас бостандығына айыру жазасын белгіледі.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық