jasqazaq.kz

Он үштің үндеуі

20 наурыз 2020, 19:18

Petroэкономика


Америкадағы сөзі өтімді сенаторлар Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салманға үн қатты. Олар Парсы Шығанағындағы негізгі одақтасын өндірісті азайтып, мұнай нарығын тұрақтандыруға шақырды. «АҚШ ондаған жылдар бойы Сауд патшалығының қуатты әрі сенімді серіктесі болып келді. Сол себепті, Сауд Арабиясы энергетика министрлігінің шикі мұнай бағасын төмендетіп, өндіріс көлемін арттыру жөніндегі шешімі бізді қатты алаңдатады. Онсыз да қаржы нарықтары ауыр соққыға ұшырап жатқанда, мұнай бағасының құлдырауы әлемдік экономиканың барынша тұрақсыздануына әкеп соқты» делінген үндеуде.,

Трамптың партияластары болып табылатын 13 сенатордың мұндай қадамға баруы бекер емес. Вашингтон «қара алтын» бағасының құлдырап бара жатқанына алаң. Әсіресе, коронавирус кеселі бүріп тұрған қазіргі сәтте. Әр Риядтың алдағы сәуірден бастап мұнай экспортын күрт арттыратынын мәлімдеуі сол екен, баррель құны құлдилап, 20 долларға жақындап қалды. Бұл елдегі тақтатас (сланец) мұнайын өндірушілерді ғана емес, өзге секторларды да қыспаққа алды. Тек туризмнің шығына 800 млрд доллардан асып, 4,6 млн адамды жұмыссыз қалуы әбден ықтиамл. Бұған қоса, қонақ үйлер 4 млн қызметкерін қысқартатынын мәлімдеді. Осылайша, жұмыссыздық мөлшері қазіргі 3,5 пайыздан екі есеге артуы мүмкін.

Қор нарығында да ахуал мәз емес. Нью-Йорк биржасындағылар алпауыт компанияларға тиесілі акциялардың дәл осылай қашан арзандағанын ұмытып та қалған шығар. Бір сөзбен түйіндесек, Трамп тұсында жиған –тергеннің бәрінен айырылды. Тіпті, Ақ үйдің экономиканы сауықтыру мақсатында қазынадан 1 трлн доллар бөлінетінін мәлімдеуі де қор нарығындағы сауда-саттықты жандандыра алмады.

Мұның бәрі басқа кезде емес, дәл президент сайлауы жақындап қалған уақытта болуы Ақ үй қожайыны мен оның жақтастарын қатты ойлантып отыр. Мұның алдында республикашыл тағы бір сенатор Кевин Крамер Трампқа хат жолдап, мұнайды көбірек экспорттайтын елдерге санкция жариялауды өтінді. Соның септігі тиді ме, кім білсін, Трамп мұнай «соғысын» реттеуге кірісетінін мәлімдеді. Сарапшылар

Вашингтонның саудиялықтарды келіссөз арқылы көндіре алатынын алға тартуда. Ал американдық The Wall Street Journal газеті өзінің әлдебір дереккөздеріне сүйне отырып, АҚШ-тың ОПЕК+ келісімінен бас тартқан Ресейге санкция жариялауы мүмкін екенін жазды. Сондай-ақ, АҚШ энергетика министрлігі маусым айының соңына дейін 30 млн баррель шикі мұнай сатып алатынын хабарлады.

Ал Мәскеудің өз бәсекелесі Әр Риядпен келіссөз жүргізіп, жүргізбейтіні әзірге белгісіз. Ресейдегілер аталған келісімнен шығу ел экономикасына соққы боп тиетінін енді бағамдап жатқандай. «Лукойл» компаниясының вице-президенті Леонид Федун «Мұндай шешімнің қабылдануына лобби жасағандар бүгін мұнайда 25 долларға сатамыз ешқашан ойламаған шығар» деді. Ол бағаның арзандауы тұрғындар жайсыз тиетінін атап өтті. Бірақ Кремль бұл пікірмен келіспейді. Президент баспасөз хатшысы Дмитрий Песков іле-шала 25 долларды экономика үшін қорқынышты баға деп есептемейтінін білдірді.

Осыған қарағанда, мұнай алпауыттары арасындағы текетірес жалғаса беретін секілді.

Jas qazaq — Analysys

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты