jasqazaq.kz

Он екі жылдық білім беруде 12-сынып болмайды

13 тамыз 2016, 20:32

1a6bdae70ba2047453f0afc5749eae25

Он екі жылдық білім беруде 12-сынып болмайды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, 5 және 6 жастағы балалар үшін нөлінші сынып енгізіледі. Осылайша, 12 жылдық білім беру схемасы 0+11 сынып қағидаты бойынша енгізіледі.

Бұл 12 жылдық білім беру схемасын енгізу осы жылы немесе келесі жылы емес, тек 2019 жылғы қыркүйек айынан басталады деп жоспарлануда.

Ата-аналар 0-ші сыныпқа (мектепалды даярлық) баланы не 5 не болмаса 6 жастан бастап беруге құқылы. Тиісінше, 1-сыныпта 6 және 7 жастағы балалар оқитын болады.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, бүгінгі күні бұл норма қолданысқа енгізілген. Барлық балалар мектеп алды даярлық бағдарламасынан өтуі тиіс.

12 жылдық білім берудің негізгі мәні 0-ші сыныптарға (мектепалды даярлық) бірыңғай үлгілік білім беру бағдарламаларын енгізуде. Мектепалды даярлықтан өту мүмкіндігі білім беру мекемелерінің 0-ші сыныпты ашу дайындықтарына қарай, мектептерде де, сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелерде де сақталады.

Жаңа бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын өзгерту жоспарда жоқ. Алайда, мектепалды даярлықтың бірыңғай үлгілік білім беру бағдарламасын бекіту және енгізу жоспарлануда.

Бүгінгі күні 0-ші сыныптағы балаға апталық жүктеме вариативті бөлімді қосқанда 22 сағаттан аспайды деп жоспарлануда.

Осы жылы кадрлар дайындау процесі басталады.

Жоғары мектепте (10-11 сыныптар) пәндерді бүгінгі күнгідей, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытқа бейіндеу сақталады.

bilimnews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық