
Спорттық арбитражды сот (СAS) Лозаннада Ресей Олимпиада комитетінің Жеңіл атлетика федерациясының халықаралық қауымдастығына (IAAF) қатысты шағымын қанағаттандырмады.
Онда Ресей жеңіл атлеттердің Олимпиададан шеттетілуіне наразылық білдірген, – деп хабарлады Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасаған Қазақпарат.
Осылайша, ресейлік жеңіл атлеттер биыл Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына бара алмайтын болды.
Сот хабарламасында айтылғандай, Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат беруді сұраған 68 ресейлік спортшының шағымы қанағаттандырылмады.
Сот IAAF шешімі күшке ие екенін растады.