jasqazaq.kz

«Өлесің деген сөз емес»: Елордада қатерлі ісік туралы алғашқы көрме ашылды

20 ақпан 2023, 12:10

Астанада алғаш рет қатерлі ісік ауруларына арналған көркемсурет көрмесі өтті. Көрме тақырыбы «Өмірге өмір жалғассын…» деп аталады. Елордада тұңғыш рет ұйымдастырылған шараны «Seniminmen» қайырымдылық қоры ұйымдастырды. TSE арт-кеңістігінің аумағында ашылған қатерлі ісік ауруымен күресу тарихы туралы көрмеге Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Астана қаласының Ұлттық онкология ғылыми орталығы, «UMIT» халықаралық онкология томотерапия орталығы, Mediker Healthcare, Manshuq, JCDecaux (RTS Deco) серіктес болды. Көрме Дүниежүзілік қатерлі ісікке және Халықаралық балалар ісігіне қарсы күрес күніне орайластырылған.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мәліметі бойынша, Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісікке шалдыққан 30 мыңнан астам жаңа науқас тіркеліп, оның жартысына жуығы өлім құшады.

Ал әлемде 2018 жылы қатерлі ісікке душар болған 18,1 миллион науқас тіркеліп, 9,6 адам көз жұмған. 2030 жылға қарай бұл дертке шалдыққандардың саны жылына 23,6 миллионға жетуі мүмкін деген болжам бар.

Seniminmen қорының негізін қалаушы, онкопсихолог Динара Құсайынованың айтуынша, көбі қатерлі ісіктің алдын алу үшін жүргізілетін тексеруден өтуге қорқады.

«Негізінен ақпан айы онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған ай. Біз өзімізді «қайырымдылық қорымыз» деп жариялағымыз келді. Басты міндетіміз – психикалық денсаулықты сақтау, қатерлі ісікті дестигматизациялау. Сондықтан мұндай көрмені өткізуді жөн көрдік. Адамдарға тексерілуге, Қазақстанда қолжетімді тексерулерден өтуге «онкологиялық ауруға ұшырап қаламын ба» деген қорқыныш сезімі кедергі келтіреді. Бірақ егер адам диагностикаға барса, денсаулығын қадағаласа, кез келген жағдайда емделуге көбірек мүмкіндік бар. Алайда адамдардың көбі онкологтарға аурудың үшінші немесе төртінші кезеңінде жүгінеді. Сондықтан аурудың алдын алу – біздің бірінші мақсатымыз», – деді Динара Құсайынова.

«Қатерлі ісік» деген диагноз «өлесің» деген сөз емес. Алайда диагнозын ести сала, ұнжырғасы түсіп кететіндер бар екен.

«Қатерлі ісікке шалдыққандар диагнозын біле салысымен, салы суға кетіп, «өлемін, әрі қарай өмір жоқ» деп ойлайды. Бірден беріліп, күрескісі келмейді. Бірақ дәл осы сәтте күресіп, өзіңді ретке келтіріп, барлық қорқынышыңды, эмоцияды жеңуге тырысу қажет. Адамдар бірнәрсені түсінсе дейміз, қатерлі ісік «өлесің» деген сөз емес. Біз бүгінгі көрмеде өнер тілінде қатерлі ісікке шалдыққандардың жағдайын, не сезінетінін қоғамға жеткізгіміз келді», – дейді қор жетекшісі Ольга Веселова.

Арт-кеңістікке келушілер аты жаман ауруды жеңген кейіпкерлердің ерен еңбектері мен табандылықтарын сезіну мүмкіндігіне ие болды. Көрмеде қабырғаларға Георгий Трякин-Бухаров, Бахыт Бубиканова, Асхат Ахмедияров, Аружан Жұмабек, Молдир Сагындыкова, Олег Зуев, Оксана Акулова сынды суретшілер мен фотографтардың туындылары қойылған.

Фотографтар дертке шалдыққан адамдардың бет-жүзін көрсететін еңбектерін көпшіліктің назарына ұсынса, көркемсуретшілер қатерлі ісік адамның қай дене бөлігін зақымдайтыны шебер бейнеленген туындыларын көрсетті.

Соның бірі – папье-маше, мата және жіптерден жасалған суретші Аружан Жұмабектің «Жол» туындысы.

«Мен тыртық іздері бар әйел денесі бейнеленген композиция дайындадым. Олардан тері тесігі секілді қызыл жіптер шығып тұр. Бұл көрініс балалық шақтан есімде қалыпты. Мен ауырғанда әжем маған малдың майын жағып, орап алған еді. Сосын әжем осылай емдегенде ауруларың, барлық токсиндерің жылан секілді теріңнен шығып кетеді деді. Содан бері мен үшін аурудан жазылудың ең ұтымды әдісі – малдың майын жағу. Бұл естелік әлі күнге дейін жадымнан өшпеді», – деді Аружан Жұмабек.

Бұдан бөлек, көрме қонақтары әсем үнге елітті. Скрипкамен орындалған Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», Ақан серінің «Маңмаңгер» әндерін тыңдай жүріп, көрмені аралады. Ракпен күреспен науқастардың басынан өткен оқиғалар жазылған мәтіндерді ерекше сезімде оқыды.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата