jasqazaq.kz

Оқушы жазда 90 күн демалады

31 қантар 2023, 16:49

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мектеп оқушылары үшін оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатпағанын жеткізді.

«Оқу жылын қысқарту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Жыл басында ата-аналар мен балаларға оқу жылы 36 аптаға созылатынын хабарладық. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар мемлекеттік білім беру стандарты мен білім беру бағдарламаларының талаптарын орындау үшін жасалған. Сондықтан бұл мәселені қайта көтерудің қажеті жоқ. Былтыр оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, биыл 31 мамырда аяқталады, яғни 31 мамыр – соңғы оқу күні», — деді Шолпан Каринова ОКҚ-де өткен брифингіде.
Мектеп оқушылары 1 маусымнан бастап жазғы каникулға шығады.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық