jasqazaq.kz

Оқу озаттары Түркістанның көрікті жерлерін тамашалады

01 наурыз 2023, 15:20

Түркістан облысының оқуда озат, белсенді балаларға арналған «Бар мейірімділік балаларға» атты экскурсия ұйымдастырылды.

Жобаның басты мақсаты белсенділігімен көзге түскен мектеп оқушыларының дүниетанымын кеңейту, рухани азық сыйлау, жаңа ортаға бейімделу қабілеттілігін арттыру. Балаларға қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсету болып табылады.

Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев балаларға тәуелсіз еліміздің ертеңі екенін айтып, алған бетінен қайтпуға, білімде де, өмірде де озат болуын тіледі. Одан кейін өзі басшылық ететін мекенің жұмысымен таныстырды.

Экскурсия «Khanshaiym Plaza» сауда және ойын-сауық орталығында жалғасын тапты. Аталған орталықтың кинопарк залында балалар отандық киноны тамашалап, «Funky town» атракционында көңіл көтерді. Балаларға түскі ас «Jeti tandyr» асханасынан ұсынылды.

Одан әрі бүлдіршіндер Түркістан қаласының символына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралады. Көне нысанды көзбен көріп, тайқазанның тарихымен танысты. Сондай-ақ «Ұлы Дала елі» орталығынан ерекше әсер алып, өз таңданыстарын білдірді. Одан соң, балалар «Global coffee» кофеханасында тамақтанып, керемет әсерлерімен бөлісті. Бір күндерін көңілді өткізген мектеп оқушылары ерекше әсерде болып, өмірге деген ынта-жігерлері арта түскені байқалады.

Белсенді балалар Түркістан қаласының көрнекті орындары: Қожа Ахмет Ясауи кесенесi, «Khanshaiym Plaza» сауда және ойын-сауық орталығы, «Ұлы Дала Елі» музейін тамашалады. Жастар орталығының мамандары да 25 баланың қуанышына ортақтасып, экскурсияның көңілді өтуіне атсалысты.

Бибайша Нұржанқызы 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде