jasqazaq.kz

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БIЛIМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

27 ақпан 2023, 17:32

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы аясында өңірде 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 білім ошағы бой көтереді. Атап айтсақ, Қызылорда қаласында — 8, Арал ауданында— 4, Қазалыда — 2, Қармақшыда — 2 және Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында бір мектептен салынады.
Соның ішінде 10 мектептің құрылысы биыл басталмақ.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов КБИ мөлтек ауданында болып, жаңадан салынатын білім нысанының орнын көрді. Сол маңда тұратын тұрғындармен кездесті. 600 орындық мектептің құрылысы биыл басталатынын, алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты.

«Жайлы мектептің» ерекшелігі — бастауыш және жоғары сынып оқушылары ғимараттың жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше, олардың өз оқу кабинеттері, әжетханалары, спортзалдары болады. Сондай-ақ бейнебақылау, дыбыстық дабыл сияқты қауіпсіздік құрылғылары орнатылады. Физика, химия, биология, робототехника заманауи кабинеттерімен қамтамасыз етіледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде