jasqazaq.kz

Оқушылар үшін өз өмірін қауіпке тіккен полицейлердің суреті жария болды (фото)

17 ақпан 2017, 19:47

Мектеп оқушылары мінген автобус апатқа ұшырамас үшін КамАЗдың астына түсіп, өз өмірлерін қауіпке тіккен павлодарлық полицейлер Мұрат Нұрсеитов пен Баянбек Жүнісов суреті жария болды. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, Павлодарда Баянауыл аудандық полиция бөлімшесінің аға сержанттары қызметтік көліктерімен шаңғы жарысына бет алған оқушылар мінген автобустың жанында еріп жүреді. Трассада КамАЗ автокөлігі қарсы бағытта шығып қалып, тәртіп сақшылары балаларды құтқару үшін көліктерін бұрып жіберген.

Жол-көлік апатының салдарынан 39 жастағы аға сержант Мұрат Нұрсеитов түрлі жарақаттармен Павлодардағы ауруханаға жеткізілді. Ол қазір жансақтау бқлімінде ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер полицейдің халі мүшкіл екенін айтуда. Сондай-ақ, оның әйелі мен үш баласы бар екені анықталды.

Ал оның әріптесі Баянбек Жүнісов емханаға барудан бас тартқан.

Мектеп автобусының ішінде болғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Аталмыш факт бойынша арнайы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық