jasqazaq.kz

Оқу ақысын күрішпен төлейді

22 желтоқсан 2016, 14:28

Патхумтхани провинциясындағы Рангсит жеке университеті күріш бағасының төмендеуінен зардап шеккен фермерлерді қолдау мақсатында күрішті оқу ақысы ретінде қабылдауда, деп хабарлады tuktuk.news Bloomberg сайтына сілтеме жасап. Рангсит университетінің бастамасы — күріш өсіріп жан бағатын 16 миллион тайлыққа көмек көрсетуге бағытталған көптеген талпыныстардың бірі. Ішкі және экспорттық нарықта күріштің артуынан күріш бағасы күрт төмендеді. Қазан айының соңында Тайланд үкіметі фермерлерді қолдауға бағытталған бағдарламаның іске қосылғанын жариялады. Сонымен бірге, көпшілігі мәселені өз бетімен шешуге тырысуда, мәселен, күрішті Facebook арқылы немесе жанармай бекеттерінде сатып жүр. 22 жастағы Витсану Сукмунсири — оқу ақысын күрішпен төлеу мүмкіндігі бар Рангсит университетінің 19 студентінің бірі. Ол қаңтар-сәуір айларындағы оқу ақысы үшін 20620 бат сомасына күріш әкелуі тиіс. «Әйтпесе, менің ата-анам өсімқорларға жүгінер еді», — деді Витсану. Бағдарламаның жүзеге асуына жауапты декан Ворачат Чудчомчан Рангсит университетіне түскен студенттердің келесі семестрден бастап, оқу ақысын күрішпен төлей алатынын жеткізді. Сонымен қатар, күріш нарықтағы бағадан қымбатырақ қабылданады. Фермерлерден алынған күрішті университет ерекше жаңажылдық сый ретінде сатылымға шығарады.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық