jasqazaq.kz

Оңтүстікті су ала бастады

20 ақпан 2017, 20:29

Оңтүстік Қазақстан облысында төрт күн толассыз жауған жаңбырдан үйлердің ауласын су алды. Табиғи апат салдарынан Мақтарал ауданы көп зардап шеккен. Бұл туралы өңірдің ТЖД-не сілтеме жасап Baq.kz хабарлады.

Облыстық ТЖД бастығы Нұрболат Дербісовтің сөзінше, нөсер жаңбырдан үйлерді су алу жағдайлары тіркелмеген. Алайда арық-атыздардан су тасып, аулаларды алып кетіпті.

«16-19 ақпан аралығында жауын қатты жауып, арты қарға ұласты. Салдарынан 67 үйдің ауласына су кірген. Шымкент қаласында -18, Сарыағаш ауданында — 9, Сайрам ауданында — 3, Түркістан қаласы, Бәйдібек, Ордабасы, Арыс, Шардара, Қазығұрт ауданында — 7 жағдай орын алды. Департаментпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе дер кезінде су басқан орындарға авариялық құтқару жұмыстарын жүргізіп, мотопомпалармен сулар сорғызылды»,- дейді Н.Дербісов.

Ал Мақтарал ауданында 42 үйдің ауласын су басқан. Бұл ауданда су сору жұмыстары Атакент, Асық ата, Ырысты және Жетісай қаласында жүргізілген. 82 адам мен 24 техника жұмылдырылып, 12 629 кубтан аса су алынған. Қазіргі таңда жағдай қалыпты.

Жалпы сала мамандары биылғы жылы жауын-шашынның алдын алу жұмыстары жүргізілгенін айтады. Барлық қала-аудан әкімдіктеріне төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар беріліпті. Ал төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылып, қазір күшейтілген режимде жұмыс істеуде екен.

«Кешегі жаңбырдың алдын алу мақсатында барлық бағыттарда жұмыстар жүргізілді. Тапсырмалар берілді. Барлық арықтарды, өзендердің бойларын, иррагациялық жүйелердің барлығын тазарту, оның алдын алу бойынша барлық күш құралдары топтастырылды», — деді облыстық ТЖД бастығы.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты