jasqazaq.kz

ОҚО прокуроры: Шымкенттік полицейлер күн көру үшін трасса жағалап жүр

19 сәуiр 2017, 15:31

ОҚО полицейлері жұмыс уақытысында ұйқысын қандырып, болмаса ауданаралық тас жолдарға шығып, күн көріс қамын жасайды. Бұл мәліметті ОҚО прокуроры Ибрахим Әлжанұлы өзі растап отыр.

«Кейінгі кезде жергілікті полиция көзбояушылық жасап жүр. Соны сезгеннен кейін мен олардың соңынан арнайы прокурорларды салдым. Таңертең шығады, бензині бар, пагоны бар, сөйтеді де той тойлап кетеді. Қит етсе болды трассаға шығады. Түнде жіберсең олар барады да видеотіркегіштерін, GPS-ін өшіріп, үйлеріне барып ұйықтайды», — дейді Ибрахим Әлжанұлы.

nur.kz хабарлағандай, тәртіп сақшыларын жүгенсіз жіберген басшылар да жауапсыз қалмады. Прокурор тіпті жергілікті полиция қызметін алып тастауды ұсынып отыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық