
Адам өлгеннен кейін кейбір клеткалар ағзаның қайта қалпына келуі үшін күресіп, шамамен 48 сағат өмір сүреді деп отыр зерттеушілер.
Ғалымдар бұл құбылысты «өлім ымырты» деп атады.
«Қайтыс болған соң ағзаның барлық клеткалары өлмейді. Олардың кейбіреуі өмірдің әр кезеңінде, экстремальды жағдайларда түрлі төзімділік міндеттерін атқарады», — дейді Вашингтон университетінің зерттеушісі Питер Нобль.
Шын мәнінде, кейбір жасушалар тірі қалудың ешқандай мүмкіндігі қалмаса да өмір сүруін тоқтатпай, өз-өздерін қалпына келтіруге тырысады.
Олар данио-рерио балықтары мен тышқандарға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде бұл құбылыс жануарларда, сонымен қатар адамда да болатыны анықталды.