«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады

11 сәуiр, 16:06

Өркениетті қоғамда тәртіпке бағыну керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке бой алдырмауға тиіспіз, өйткені бұл қоғам тыныштығын бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді. Тәртіпсіздік пен рұқсат ету сезімі неғұрлым ауыр қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеушілік ахуалы-қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы, қылмыспен күрестегі маңызды қадам», — деп атап көрсеткен болатын.

«Нөлдік төзімділік» қағидаты — ұсақ құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Мәселен, көрінген жерге қоқыс тастау қоршаған ортаға зиян келтіреді, тұрғындардың ашу-ызасын тудырады.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, қоғамдық орындарды ластау, жасыл желекті жою және бүлдіру сияқты заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағытта атқарылған жұмыстың 2 тәулігінде 739 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілік қаралды.
Таратып айтсақ, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша 11 жәйт, белгiленбеген орындарда сауда жасаумен 72 дерек тіркелді. Ал ортақ пайдаланатын орындарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау бабымен 267 дерек анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара көрілді.

Сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша 194 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру бабымен 131 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.

Айат кетейік, облыс аумағында полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтың тапсырмасымен 8-14 сәуір аралығында «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер тәртіпке бағынып, қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырады. Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға кеңес береді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде