jasqazaq.kz

Ninety One тобы туралы фильм түсірілетін болды

01 наурыз 2017, 9:32

Қазақстандық танымал режиссер Асқар Ұзабаев шыққандарына бір жылдан енді ғана асса да ерекше танымалдылыққа ие болған Ninety One туралы кино түсірмек.

stan.kz хабарлағандай, «біз Ninety One тобы туралы фильм түсіреміз. Қазіргі таңда сценарий жазылып жатыр. Бұл топ туралы толығырақ білгісі келетін фанаттар мен адамдар келесі күзде киноны тамашалай алады. Бұл деректі фильм емес, бұл балалардың топқа қалай келгендігін баяндаған әңгімесі негізінде түсіріледі”, – деді Ұзабаев.

Еске сала кетсек, 23 ақпанда Ұзабаевтың “Келинка тоже человек” фильмінің тұсаукесері өткен болатын. Қазақстандық кинокомедияның түсірілім уақыты небәрі 21 күнді құрапты.

Ал Ninety One тобы 2015 жылдың 1 қыркүйегінде құрылған. Топ құрамында Азамат Зенкаев, Батырхан Мәліков, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметқалиев және Данияр Кулумшин бар.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық