
Ауыл шаруашылығы саласын бітірген түлектердің 19,4 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді.
Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
«Түлектердің барлығы оқыған мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін атап өткім келеді. Мысалы, денсаулық сақтау саласы бойынша оқу бітірген түлектердің 69 пайызы, педагогика саласы түлектерінің 59,5 пайызы, қала құрылысы саласы түлектерінің 30,6 пайызы және ауыл шаруашылығы саласы түлектерінің 19,4 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқандығын хабарлаймыз, — деп мәлімдеді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Азамат Бейсенбенов.
Оның айтуынша, қалған бөлігі басқа салада еңбек етеді немесе мүлде жұмыс істемейді.