jasqazaq.kz

Несиесін жартылай өтегендер өзін банкрот деп жариялай ала ма?

13 қантар 2023, 16:08

Несие бойынша ішінара өтем жасағандар тек араға 12 ай салып барып қана өтініш бере алады.

Банкроттық туралы заң бойынша несие қарызына батқандар биылғы жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады. Осы орайда, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов соңғы 12 айда несиесін жартылай өтегендердің неліктен өтініш бере алмайтынын түсіндірді.
Мәселен, іске сот орындаушы араласып, қарыз алушыны несиесін 5-10 мың теңгемен болсын өтеуге міндеттейді. Жаңа заңда бұл төлем жасалған болып есептеле ме? Егер борышкер соңғы 12 ай ішінде несиенің азғантай бөлігін ғана өтесе, өзін қанша уақыттан кейін банкрот деп жариялай алады?
Вице-министрдің мұндай жағдайда азаматтар өзін банкрот деп жариялауға өтініш бере алмайды.
«Қарыз алушы ай сайынғы несиесін белгіленген сомадан аз ақшамен жапқан болса да, бұл несиені төлеген болып есептеледі. 12 ай мерзім ішінде төлемеді деген санатқа кірмейді», — деп түсіндірді Ержан Біржанов.
Бүгінде ресми жұмысы бар, бірақ тапқан табысының көп бөлігі несие төлеуге кетіп жатқан азаматтардың төлем жасау қабілетін қалпына келтіруге өтініш бере алатынын айтты. Бұл үшін олар сотқа жүгінуі керек.
«Несие төлемдерінің көп болатыны сонша, адамда өзін дамытуға да уақыт болмауы мүмкін. Сол себепті азаматтар тікелей банкпен келісімге келе алмаса, сотқа жүгіне алады. Сот несие берушіні екі тарап үшін де тиімді қадам жасауға міндеттейді. Расымен де, көптеген банктің бұған келіспей, клиентінен барынша көп сома өндіргісі келетіні ешкімге құпия емес. Ал сот қарыз алушыда несиені өтеуге экономикалық стимул болуына жағдай жасайды. Мысалы, қарыз алушы 600 мың теңге жалақы алып, оның 400 мыңымен несиесін жауып отыруы мүмкін. Ал оның бала-шағасы бар, отбасымен демалғысы келеді, өзін дамытып, белгілі бір шара өткізгісі келеді. Сондықтан сот керісінше ай сайын 400 мың емес, 200 мың теңге төлейтіндей етіп жасап бере алады», – деді вице-министр.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка