
Оқиға Грузияның Кумистави ауылында болған. Алғашында бойкүйез немерелер зейнеткердің құлағын шыбықпен түрткілейді, кейінірек пневматикалық қарумен атады. Бұл туралы жергілікті БАҚ 4 қараша күні жазды, деп хабарлады nation-news.ru. Видеода бұзақылардың қартты мазақтай күлгені мен кемпірдің не болғанын түсінбеген күңкілі анық естіледі. Безбүйрек жасөспірімдерге қатысты құқық қорғау органдарының шара қолдану-қолданбауы әзірге белгісіз. Десе де, сайттағы бейнежазбаның қаралымы жүз мыңнан асқан және пікір білдірушілер қаныпезерлерді жазалауды талап етуде.
https://www.youtube.com/watch?v=GTeusyxpzpM#action=share