jasqazaq.kz

NEET санатындағы жастардың үлесін азайту қажет

14 наурыз 2023, 16:35

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асырудағы негізгі басымдықтарды белгіледі.

Жиында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі
Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы баяндама жасады.

Жас қазақстандықтарды қолдау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Осыған байланысты Тұжырымдаманы қабылдау осы бағыттың дамуына жаңа серпін беруі тиіс.

«Ең алдымен, жастарды жұмысқа орналастырудың жүйелі тәсілі қажет. Тұжырымдамада 2,3 млн-ға жуық жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл өте маңызды аспект, оны барынша тиімді жүзеге асыру керек», — деді Әлихан Смайылов.

Жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға мемлекеттің бөліп отырған ресурстары қомақты, сол себепті жастардың мұндай бағдарламаларға қатысуын кеңейту NEET санатындағы жұмыс істемейтіндер мен оқымайтындар санын азайтуға ықпал етеді.
Ә.Смайыловтың сөзінше, елдегі мұндай жастардың үлесі 6 пайыздан асады. Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында NEET көрсеткіштері ең жоғары.

«Тұжырымдамада республика бойынша осындай жастардың үлесін 3,5 пайызға дейін төмендету міндеті қойылған. Бірақ бұл үшін «шаблонмен» жұмыс істеуге болмайды. Әр өңірдегі жастармен жұмыс істеу ерекшелігіне барынша икемделу қажет. Сонымен қатар жастарды қолдау шараларын жақсарту үшін үзбей жұмыс істеу керек», — деді Премьер-Министр.

Әлихан Смайылов ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, ақпараттық жұмысты күшейту және «жастардың әрқайсысына, әсіресе, ауылдардағы және NEET санатындағы жастарға» көңіл бөлу қажет екенін айтты.

«Әркім табысқа қол жеткізу, жұмысқа орналасу, кәсіптік деңгейін көтеру мүмкіндігін сезіне білуі керек», — деді Үкімет басшысы.

Одан бөлек Премьер-Министр жастар ресурстық орталықтарының қызметін сапалы үйлестіруді қамтамасыз ету және орталықтардың басшыларына нақты міндеттер мен KPI бекіту қажеттігін айтты. Үкімет басшысының айтуынша, орталықтар жастармен жұмыс істеудің аса маңызды буындарының біріне айналуы тиіс – жергілікті жерлердегі жастардың барлық проблемаларын біліп, оларды шешу жолдарын ұсынуы қажет.

JQ-Aqparat

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді