
Үндістанның оңтүстік-шығысында «Вардах» дауылы ойран салып жатыр. Өзімен бірге нөсер алып келген күшті жел 4 адамның өліміне себепші болған.
Тағы 17 мыңға тарта тұрғын қауіпсіз орындарға эвакуацияланды. Өңірдегі мектептер жабық тұр. Табиғи апат пойыз қозғалысына да кедергі жасады. Әуе сапарлары да кейінге шегерілді. Балықшыларға алдағы екі тәулік ішінде теңізге шықпауға кеңес берілген. Ал ел әскері мен төтенше жағдайда әрекет етудің ұлттық күштері жоғары дайындық тәртібіне көшірілген.