jasqazaq.kz

Нәрестені аукцион әдісімен сатып жіберген

04 ақпан 2023, 10:40

Атыраулық әйел сәбиін аукционмен сатып жіберген. Ол баланың әкесіне нәрестенің қайтыс болғанын айтып, өзі сатып алушыларды іздеген.

Бұл туралы JQ-Aqparat «Астана» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әйел сатып алатын екі адамды тауып, көбірек ақша бергеніне баласын ұстатып жіберген. Полиция департаменті ақпаратты растады.

Қазір бұған қатысты «Кәмелетке толмағандардың саудасы» бабымен іс қозғалған. Күдікті әзірше баласының жанында, бостандықта.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет: «Қазіргі таңда 1991 жылы туған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағына сәйкес, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Балаға және анасына сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге қазіргі таңда куәгерлерден жауаптар алынды. Өзге ақпапатты жария ете алмаймыз»,-деді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді