jasqazaq.kz

Нәрестеге хиджама жасағандарға тергеу жүргізіледі (Видео)

27 қантар 2023, 12:31

Нәрестеге хиджама жасағандар тергелетін болады. Шақалақтың маңдайынан қан алғандарды денсаулық сақтау министрлігі жіті тексермек. Бұл туралы JQ-Aqparat КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйықтап жатқан нәрестенің маңдайын ұстарамен кесіп қан алып жатқан видео әлеуметтік желіде тараған еді. Бұл халық арасында хиджама аталып кеткен дәстүрлі ем шарасы. Бейнежазба әп-сәтте көптеген қаралым мен пікір жинап үлгерген. Арасында бұны қолдағандар да табылды. Бірақ басым көпшілігінің ашуын тудырған. Денсаулық сақтау министрлігі Ажар Ғиният та бұл жағдайдан хабардар. Ол: «Хиджама лицензияланған медициналық көмек емес» — деп кесіп айтты. Енді бұл мәселені министрлік бақылауына алмақ. Жалпы хиджаманың Қазақстандағы болашағы белгісіз.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

— Егер азаматтар қандай да бір медициналық көмек көрсетсе, оны лицензиялау керек. Бүгінгі таңда хиджама лицензияланған медициналық көмек түріне жатпайды. Сондықтан осы жағдай комитетте талқыланып, тергеу жүргізіледі. Ал «Қазақстанда хиджамаға тыйым салына ма?» деген сұраққа келсек, бұл жерде мен үшін мамандардың пікірі өте маңызды. Мен оларға халықаралық тәжірибелерді зерттеуді тапсырдым. Бұл сұрақты қарастырамыз.

 

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики